15 мамыр 2020 16:07

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандардың 4 пайызы ауыр халде

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Нұр-Сұлтан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

15 мамырда Нұр-Сұлтанда жалпы 1173 оқиға тіркелді. Олардың 588-і сауығып жазылған.

"Жағдайдың ауырлығына қарай - 4 пайызы ауыр, 17 пайыз орташа, 79 пайыз жеңіл. 1423 науқас стационарларда жатыр", - деді Кисикова брифингте.

Бұған дейін ол 13 мамырда екі өлім тіркелгенін хабарлаған, олар - 1958 жылғы әйел және 1977 жылғы ер адам, екеуі де Нұр-Сұлтан тұрғыны. Оның айтуынша, реанимация бөлімшесі мен республикалық қарқынды терапия орталығы марқұмдарға барлық қажетті диагностикалық және алдын алу шараларын жасағанын айтты, сондай-ақ емдеу бойынша консилиум өткенін хабарлады. Алайда терапияға қарамастан, емделушілер қайтыс болған.

1958 жылғы көз жұмған әйел дәрігер болғаны да мілім болды. Ол жеке медициналық ұйымда жұмыс істеген. Зейнетке шыққан, алайда жұмысын жалғастыра берген.

Осы уақытта елордада COVID-19 жұқтырған 1173 адам тіркелген. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети