04 тамыз 2022 16:38

Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауруханаға түсетіндер саны азайды - бас санитария дәрігері

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Бас мемлекеттік санитария дәрігері - денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Нұр-Сұлтанның  "қызыл" аймаққа көшу ықтималдығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бас мемлекеттік санитария дәрігері - денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Нұр-Сұлтанның  "қызыл" аймаққа көшу ықтималдығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Санитария дәрігері Қазақстанда 15 шілдеден бері коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы қайта қаралып, жаңартылғанын еске салды.

"Соңғы жеті күндегі жүз мың халыққа шаққандағы сырқаттанушылықтың орташа тәуліктік көрсеткішінен денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені сипаттайтын көрсеткішке - ауруханаға жатқызудың тәуліктік деңгейіне көштік. Матрицада R көрсеткіші бұрынғысынша қалды", - деді Есмағамбетова.

Оның айтуынша, соңғы бірнеше күнде елордада жағдайдың тұрақтану үрдісі байқалды.

"Екіншіден, Нұр-Сұлтандағы R индикаторы күн сайын төмендеп келеді және бүгінде, шатаспасам ол 1,098-ден сәл жоғары. Сәйкесінше, бұл Нұр-Сұлтандағы жағдай тұрақталып келе жатқанын көрсетеді", - деді маман.

Айжан Есмағамбетова қазір Нұр-Сұлтанда қосымша қатаң шектеулер енгізу туралы мәселе жоқ екенін атап өтті.

"Бірақ көп нәрсе өзімізге, Денсаулық сақтау министрлігі ұсыныстарын орындауымызға байланысты. Қазір Нұр-Сұлтан "сары" аймақта. Бұл қоғамдық көлікте және ғимараттарда бетперде тағу керек деген сөз", - деді Айжан Есмағамбетова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети