18 тамыз 2022 11:28

Нұр-Сұлтанда көшеде түкіргендер камералар арқылы анықталады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:  Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда жолға түкірген тұрғындар бейнебақылау камералары көмегімен анықталып, жазаланады. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда жолға түкірген тұрғындар бейнебақылау камералары көмегімен анықталып, жазаланады. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары көшеде түкіргендерге жазаны қатайтып, оларды бейнебақылау камералары көмегімен анықтап, жазалауды ұсынды.

"Тәртіпбұзушылар автокөлік нөмірлері бойынша анықталады. Бұл шаралар тәртіп бұзу санын азайтады.

Көшеде және қоғамдық орындарда түкіруге және қоқыс тастауға тыйым салынады. Тәртіпбұзушылар жауапкершілікке тартылады – әкімшілік айыппұл. Көшеде және қоғамдық орындарда түкіру қаланың көркін бұзып қана қоймай, түрлі бактериялардың таралуына себеп болуы мүмкін", - деді әкімдіктегілер.

Қала әкімшілігі мұндай заңбұзушылықтарға куә болған тұрғындар құқық қорғау органдарына хабарласа алатынын атап өтті. Оны растау үшін заңбұзушылықтың сурет немесе видеосын қоса жолдау қажет.

"Бірлескен жұмыс арқылы ғана қала тазалығын сақтап, коммуналдық қызметшілер жұмысына құрметпен қарауға болады. Қала тұрғындары мен қонақтарын мәдениет пен мінез-құлықтың қарапайым нормаларын сақтауға шақырамыз", - деп түйіндеді әкімдік өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният көшеде түкіруге тыйым салу туралы ұсынысты қолдаған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети