25 қазан 2019 15:18

Нұр-Сұлтанда құрылысы аяқталмаған тұрғын үй қиратылды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтанда әлі құрылысы бітпеген "Территория комфорта-1" тұрғын үй кешенінің авариялық жағдайда тұрған баспанасы қиратылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Нұр-Сұлтанда әлі құрылысы бітпеген "Территория комфорта-1" тұрғын үй кешенінің авариялық жағдайда тұрған баспанасы қиратылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жақын маңда тұратын астаналықтар гүрсілді естіп, 24 қазанда сағат 23.00 шамасында шағымдана бастаған. Таңертең бұл салынып бітпеген, қисайған тұрғын үй құлатылғаннан кейінгі шу екені мәлім болды. 

"Кеше мамандардың бақылауымен апатты жағдайда тұрған "Территория комфорта-1" ТҮК-тің бірінші корпусы қиратылған болатын. Барлық корпусты жыл соңына дейін бұзып, жаңа құрылысты бастау жоспарланды. 15 жыл бойы 500 үлескер осы нысаннан пәтер күтіп келеді", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев Instagram желісіндегі парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Altynbek Kaisagaliyev (@a_kaisagaliyev)

Бұған дейін "Территория комфорта-1" тұрғын үй кешенінің бір ғимараты қисая бастағаны туралы хабарланған. Ал тиісті мамандар ешқандай қауіп жоқ екенін айтқан. 

Кешен 2004 жылы тұрғызыла бастады. Бірақ кейінірек құрылыс тоқтатылды. Техникалық тексеруден кейін ғимараттың апаттық жағдайда тұрғаны анықталды, себебі құрылыс кезінде нормаларға сәйкес келмейтін бетон маркасы қолданылған. 


© Tengrinews.kz 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети