07 қыркүйек 2019 16:29

Нұр-Сұлтанда марафон кезінде қай көшелер жабылады?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында "Astana Marathon-2019" халықаралық марафоны өтеді. Осыған байланысты қаланың бірқатар көшелерде қатынауға шектеу қойылады, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында "Astana Marathon-2019" халықаралық марафоны өтеді. Осыған байланысты қаланың бірқатар көшелерде қатынауға шектеу қойылады, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Марафон таңертең сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін өтеді. Осы аралықта кейбір көшелер толықтай, ал кейбірі жартылай жабылады. Жарыс екі қашықтықтан - 10 және 42,2 шақырымнан тұрады. 10 шақырымдық бағдар Рысқұлов көшесі - Қабанбай батыр даңғылы - Орынбор көшесі - Мәңгілік ел - Рысқұлов көшелері арқылы ұйымдастырылады.

42,2 шақырым қашықтықтағы бағдар келесі көшелер мен даңғылдар арқылы болады: Рысқұлов - Қабанбай батыр - Орынбор - Мәңгілік ел - Қалдаяқов - Панфилов - Тәуелсіздік - Нәжімеденов - Сарыкөл - Байтұрсынов - Қошқарбаев - Жұмабаев - Момышұлы - Абылай хан - Жұмабаев - Қошқарбаев - Мәңгілік ел - Қонаев - кіші Қабанбай батыр - Достық - Мәңгілік ел - Рыскұлов.

Осыған орай Рысқұлов көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы толық жабылады. Қалған көшелерде жартылай шектеу енгізіледі. Бұған қоса №№ 21, 29, 35, 47, 50, 51, 60, 100, 101, 107 10 автобус бағдарының қозғалысы уақытша тоқтатылады. Тағы 56 бағдардың қозғалысы өзгереді.

Олар №№ 2, 3, 4, 5, 5А, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 18, 19, 20, 22, 22А, 23, 24, 25, 28, 31, 32, 33, 37, 40, 41, 44, 46, 48, 52, 53, 54, 56, 61, 70, 71, 72, 73, 80, 102, 104, 105, 302, 303, 304, 308, 309, 313, 314, 315, 316, 318, 320, 321. Елорда тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық көлікте қатынау уақыты мен бағдарын уақытша шектеу енгізілген және жабылған көшелерді айналып өтетіндей етіп алдын-ала жоспарлап алуларын сұраймыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети