10 маусым 2019 09:16

Нұр-Сұлтанда митингіде үш полицей жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда митинг кезінде үш полицей жарақат алды. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Орталық сайлау комиссиясының брифингінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда митинг кезінде үш полицей жарақат алды. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Орталық сайлау комиссиясының брифингінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұр-Сұлтанда қоғамға қарсы қозғалыстың қатысушылары тас лақтырып, баллондар қолданды. Нәтижесінде үш полицей жарақат алды. Екеуіне тас тиген, ал үшіншісі баллоннан көзін жарақаттаған", - деді Қожаев.

Оның айтуынша, бұл әрекеттерге қатысты қылмыстық заңнама баптары бойынша процессуалдық баға беріледі. ІІМ басшысның бірінші орынбасары митинг қатысушыларының ұсталып, қатаң жауапкершілікке тартылатынын айтты.

"Полицейлердің әрекетіне қарап, барлық шараның заңнама аясында қолданылғанын айтуға болады. Құқық қорғау органдары ережебұзушыларды ұстау кезінде арнайы құралдарды қолданған жоқ", - деді Марат Қожаев.

Кеше, 9 маусымда Нұр-Сұлтан мен Алматыда 100 шақты адамның митингіде ұсталғаны хабарланған еді. "Нұр-сұлтан мен Алматыда Қазақстанның соты тыйым салған ДВК экстремистік ұйымының үндеуі бойынша жүздеген адам жиналды. Ұйымның қашқын басшыларының елімізде биліктің беделін түсіру, кезектен тыс президент сайлауына бойкот жариялау бойынша жаппай насихат жүргізіп, сайлау кезінде қоғамға қарсы іс-қимыл жасауға шақырғаны белгілі болды", - деген болатын Марат Қожаев.

Мұның алдында "Қоғамдық пікір" институты exit poll нәтижесін жариялады. Exit poll мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13 пайыз дауыс жинады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети