06 мамыр 2021 12:39

Нұр-Сұлтанда өкпесі 100 пайыз зақымданған әйел дені сау сәби босанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: astana.gov.kz Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған және өкпесі 100 пайыз зақымданған жүкті әйел дені сау сәби босанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған және өкпесі 100 пайыз зақымданған жүкті әйел дені сау сәби босанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауыр жағдайына қарамастан науқас салмағы 4000 г болатын дені сау қыз баланы дүниеге әкелген. Босану кезінде Айнагүл Оразбековаға коронавирус диагнозы қойылған және ауыр халде болған. Сондай-ақ, оған ауыр дәрежелі вирустық пневмонияның екі жақты диагнозы қойылған.

"Босанғаннан кейін науқастың жағдайы нашарлап кетті: сатурациясы төмен, температурасы жоғары, өздігінен дем ала алмады, интоксикация синдромы өзгеріссіз қалды. Консилиумдар бірнеше рет жүргізілді, нәтижесінде пациент ЭКМО-ға қосылды (экстракорпоралды мембраналық оксигенация). 20 күн бойы оксигенация және гемодиафильтрация жүргізілді", - деді шұғыл Кардиология және кардиохирургия орталығының басшысы Сейіл Мұхаметқалиев.

Науқас оттегі терапиясына қосылғанына қарамастан десатурациясы өзгермеген. Консилиум шешімімен жасанды тыныс алу аппаратына ауыстырылған.

"Дәрігерлер мен медбикелер екі ай бойы науқасты емдеп, бақылап, күтім жасады. Көп ұзамай тоқтаусыз жұмыс нәтижесін бере бастады. 50 тәуліктен кейін науқас реанимациядан бейінді бөлімшеге ауыстырылды. Аурухана мамандарының топтасып жұмыс істеуінің арқасында науқастың жағдайы жақсарды, гемодинамикасы тұрақтанды. Ең бастысы өз бетінше тыныс ала алатын күйге жетті", - деді инфекциялық блоктың меңгерушісі Гүлнұр Әшірбекова.

Шығарылғаннан кейін аман-есен босанған ана дәрігерлерге, медбикелерге және аурухананың барлық қызметкеріне алғыс айтқан. Айта кетейік, бұл әйелдің үшінші баласы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети