12 қаңтар 2022 18:22

Нұр-Сұлтанда оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда омикрон штамының таралуына байланысты мектеп оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қашықтан оқиды. Бұл туралы елорданың бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда омикрон штамының таралуына байланысты мектеп оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қашықтан оқиды. Бұл туралы елорданың бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгіннен бастап мен қол қойған қаулыға сәйкес елордада қашықтан жұмыс істейді:

- қызметкерлер COVID-19-ға қарсы вакцина алғанына қарамастан, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналдың кемінде 80 пайызы;
- оқушыларды оқыту 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін;
- колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін оқыту 2022 жылдың 6 ақпанына дейін жүргізіледі", - деді Бейсенова брифингте.

Дәрігер жаңа омикрон штамы бүкіл әлемде тез таралып жатқанын және әлемнің 126 елінде анықталғанын түсіндірді. Жаңа штамнан қорғану үшін вакцинацияның толық курсы қажет екенін айтып, ревакцинация ұсынылады.

"Уақыт жоғалтпай вакцина алуларыңызды сұраймын. Өйткені вакцина алғандарда коронавирус инфекциясы жеңіл өтетіні бірнеше рет дәлелденген. Асқынудың алдын алу үшін, реанимация бөліміне түспеу үшін вакцинация қажет", - деп қосты санитария дәрігері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети