1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда тағы 3 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

Нұр-Сұлтанда тағы 3 науқас коронавирус індетінен жазылып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сoronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап. 

Олар 18 наурыздан бастап стационарлық емдеуде болған.

"Барлық емделуші КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес толық ем алды.
Жүргізілген емдеуден кейін теріс нәтижемен 24 сағат интервалмен КВИ-де 2 рет зерттеу жүргізілді.
Енді олар 14 күн бойы үй карантинiнде болады", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, Нұр-Сұлтанда барлығы 222 адам коронавирус жұқтырған, оның 27-сі емделіп шықты. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Доллар қымбаттап жатыр