1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда тағы бір көшеде көлік қозғалысы біржақты болады18 қыркүйек 2020, 12:09

Нұр-Сұлтанда көлік қозғалысы біржақты болатын тағы бір көше пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астаналық ПД өкіліне сілтеме жасап.

"Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті Б.Момышұлы даңғылында, Жұмабаев көшесінен Аманат көшесіне дейінгі учаскеде, фаст-фуд мейрамханасының алдында тиісті жол белгілерін орната отырып, біржақты тәртіпте қозғалыс ұйымдастырылғанын хабарлайды", - делінген хабарламада.

Аталған шаралар учаскенің өткізу қабілетін арттыруға, кептелісті болдырмауға және көлік қозғалысын реттеуге мүмкіндік беретіні айтылған.

 

 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!