1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда ТЖ режимі күшейтілді. Көшеде жүрген 164 адам ұсталды

Фото: astana.gov.kz Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай режимі күшейтіліп, екі күн ішінде полиция 164 адамды ұстаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше,28 наурыздан сағат 00.00-ден бастап елордада азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуы шектелді.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері қала көшелерін қадағалап жатыр. Екі күн ішінде аумақтық полиция басқармаларына 164 адам жеткізілді, 68 тәртіп бұзушыға әкімшілік хаттама толтырылған. Қалған тұрғындармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

"Сіздің қауіпсіздігіңіз бен коронавирус инфекциясының таралуын азайту мақсатында үйде қалып, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз", - дейді әкімдіктегілер.

Еске салайық, 30 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін қалад автобустар жүрмейді. Дәрігерлер, полиция қызметкерлері және қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететіндерден басқасы апта бойы жұмыс істемейді. Елорда әкімдігі коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлері үшін қонақүйлер, көлік бөліп, тамақ ұйымдастырды. Емханалар мен ауруханаларда жұмыс істейтін дәрігерлер үшін де көлік ұйымдастырылған дейді әкімдіктегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!