17 наурыз 2020 13:42

"Нұр-Сұлтанда тікұшақпен дәрі-дәрмек себіледі". WhatsApp-хабарлама фейк болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін елордада дезинфекция жүргізу үшін түнгі уақытта дәрі-дәрмектер себілетіні туралы хабарлама расталмаған болып шықты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорда тұрғындары WhatsApp мессенджерінде осындай хабарламалар ала бастаған.

"Бүгін сағат 23.00 мен таңғы 5.00 аралығында қалада дезинфекция жүргізу үшін тікұшақтан дәрі-дәрмектер себіледі. Барлық терезе мен балкон жабық болуы тиіс, сағат 23.00-ден кейін далаға шығуға болмайды. Әскери бөлімдегілер осылай деді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, соңғы ресми деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 27 адамға жетті.

Қазақстандағы барлық ауруханада карантин жарияланды

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети