07 қыркүйек 2022 09:57

Нұр-Сұлтанда үлескерлер қаржысын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан қаласында құрылыстың бастапқы сатысында үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі сайтына сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтан қаласында құрылыстың бастапқы сатысында үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәміле (алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты) жарамсыз саналады.

"Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі өз қаражатыңызға сақ болуды сұрайды және рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алмаған жөн", - делінген хабарламада.

Толық тізімді мына сілтеме арқылы көре аласыздар.

Сондай-ақ, "Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасында үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады, бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделгені айтылды.

Барлық сұрақ бойынша Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайында орналасқан "Нұр-Сұлтан қаласы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ-ге жүгінуге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети