25 қазан 2020 09:38

Нұр-Сұлтандағы карантин: бас санитар дәрігер жаңа қаулы шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Елорда бас санитар дәрігерінің Нұр-Сұлтандағы карантин шаралары туралы жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елорда бас санитар дәрігерінің Нұр-Сұлтандағы карантин шаралары туралы жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мына талаптар сақталады:

  • ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде өткізуге, митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге тыйым салу;
  • әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде 2 метрден кем емес сақтай отырып, жеке тәртіппен және 5 адамнан аспайтын топпен тек ашық ауада спорттық жаттығулар өткізу;
  • 3 адамнан аспайтын топтардан немесе бір отбасы мүшелерінен басқа, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық шығуларды ұйымдастыруға және қаланың көрікті жерлеріне шолу жасауға тыйым салу;
  • қызметі тыйым салынған нысандарға, атап айтқанда ойын-сауық мекемелеріне (бильярд, караоке, боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, жабық ғимараттардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар, караоке, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтары, оның ішінде лотереялар ұтыс ойыны және т. б.) баруға жол бермеу қажет;
  • 65 жастан асқан адамдардың қала және қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруына шектеу;
  • міндетті түрде бетперде киіп және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, аулаларда серуендеуге және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен баруға рұқсат;
  • қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген объектілерге барған кезде, көшеде жүру кезінде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау қажет.

Сонымен қатар мынадай шектеулер енгізілді: 

  1. қалалық қоғамдық көліктің жұмысы (қарбалас сағаттарда автобустар санының ұлғаюымен, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперделерін киіп жүру) жұмыс күндері және сенбі күндері жұмыс кестесі сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салу;
  2. ХҚКО жұмысын қатаң түрде алдын ала Egov.kz, Telegram-бот EgovKZBot 2.0 брондау арқылы күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып және сенбі күні сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін ұйымдастыру. Құжаттандыру бөлімі: жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін және сенбі күні сағат 9:00-ден 14: 00-ге дейін. Мамандандырылған бөлім: жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін құжаттарды қабылдау, дайын құжаттарды түскі үзіліссіз сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін беру;
  3. жеке медициналық орталықтардың, стоматологиялардың жұмысын алдын ала жазылу бойынша күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;
  4. сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын жұмыс күндері күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен толтырылуын 30% -дан аспайтындай етумен, рекреация аймақтарында және демалыс аралдарында сатып алушылардың болуын болдырмай, (дәріханалар мен шағын маркеттерді, супермаркеттерді, оларда орналасқан және тамақ өнімдерін сататын гипермаркеттерді қоспағанда), жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін белгіленіп, демалыс және мереке күндері жұмыстарына тыйым салынады. Бұл ретте көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, ойын орталықтарының, кинотеатрлардың, фудкорттардың жұмысына қатаң тыйым салынады;

Құжаттың толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети