17 тамыз 2020 15:14

Нұр-Сұлтандағы коронавирус пен пневмония: ауруханада науқастар саны 10 есе азайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда КВИ бойынша қоңыраулар тәулігіне 500-ден 6-ға дейін азайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда КВИ бойынша қоңыраулар тәулігіне 500-ден 6-ға дейін азайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем станциясына келіп түсетін шақырулар мен азаматтардың өтініштері азайғаны байқалады.

"Қала тұрғындарынан түскен өтініштердің жалпы саны тәулігіне 3 мыңнан 1 мыңға дейін төмендеді. КВИ бойынша шақырулар тәулігіне 500-ден 6-ға дейін азайды", - деді елордалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Айта кету керек, жедел жәрдем базасында аумақтық емханалардың орта медициналық қызметкерлерінен 70-51-03 нөмірі бар байланыс орталығы ұйымдастырылды, олар тәулігіне 500-ге жуық өтініш қабылдады. Барлығы 9,5 мың өтініш бойынша кеңес берілді.

Елордада коронавирус пен пневмонияның төмендеуіне байланысты науқастарды емдейтін стационарлар босатылады. Ауруханаға жатқызылғандардың саны бір жарым айда 10 есе азайды.

"5 шілдеден бастап ауруханаға жатқызылған науқастардың саны 4 мыңнан індеттің өршуі кезінде 343 адамға немесе 10 есе азайды. Тиісінше төсек қорының жүктемесі 99 пайыз дан 17,2 пайызға дейін азайды. Стационарлардағы КВИ расталып, ауруханаға жатқызылған науқастар саны 2000-нан 137-ге дейін (14 есе) пневмониямен 1333-тен 198-ге дейін (7 есе) азайды", - деді елордалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Пандемияның өршуі басылғанына байланысты КВИ-мен күресуге жұмылдырылған денсаулық сақтау объектілерінің саны қысқарып жатыр. Осылайша, негізгі қызметін қайта бастаған алты денсаулық сақтау нысаны кезең-кезеңімен жабылды. Эпидемиологиялық жағдай асқынған жағдайда олардың жұмысы жедел қалпына келтіріледі. Қазіргі уақытта 10 стационар іске қосылған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети