03 желтоқсан 2021 16:03

Нұр-Сұлтандағы LRT жобасына тағы бір миллиард доллар қажет

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы LRT құрылысына қатысты пікір білдірді. Ол жобаға тағы бір миллиард доллар қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы LRT құрылысына қатысты пікір білдірді. Ол жобаға тағы бір миллиард доллар қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"LRT - өте күрделі, тарихы бар, қаражатты қажет ететін жоба. Бірақ бастаған жұмысымызды аяқтауымыз керек. 2016 жылы консорциуммен және банктермен келісімге қол қойылды. Келісімге қол қойылды, бірақ проблемаларға байланысты кейбір банктерде жоба уақытша тоқтатылды, банктер арқылы инвестиция тарту және бұл жобаны аяқтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Толық ақпарат беремін. Жалпы сомасы 1,8 миллиард доллар тұратын жоба, оның 347 миллионы қазірдің өзінде жүзеге асырылды. Бастапқыда Қытай Даму банкінен 4,9 пайыздық несие берілді. Содан ақшаны үнемдеу туралы шешім қабылдадық, ЕДБ-ден 3,25 облигациялық несие алдық. Біз 800 миллион долларды үнемдеп ұстауға, сондай-ақ станциялар мен жылжымалы құрамды қысқарту арқылы 150 миллион доллар үнемдедік", - деді Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде. 

Оның айтуынша, жоба аяқталады.

"Енді бұл жобаны аяқтау үшін әлі де бір миллиард долларға жуық қаражат қажет. Көріп отырсыздар, бұл қаламыздың келбетін әрлендіріп тұрған жоқ. Тұрғындар санының артқанын ескере отырып, болашақта қоғамдық экологиялық таза көлікті дамытуға қаншама қаржы жұмсалып қойды", - деп түсіндірді әкім.

Ол қазір қалада миллионнан сәл көбірек адам тұратынын, алдағы 10 жылда халық саны екі миллионға жететінін нақтылады. Ал сол жағалауда ғимараттар көйбейіп келеді.

"Банктер консорциумымен жұмыс істеп жатырмыз. Олардың өтініші бойынша оны әзірге жария етпейміз. Біз бұрынғы несиеден бас тарттық, онда ол 4,9 пайыз болды. Қазір 3,25 пайыз бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Біз келісіп, келісімге қол қоятын болсақ, бұл бұрынғы келісімшартқа қарағанда тиімдірек болады және бұл жобаны аяқтау үшін қаражат тартамыз", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети