1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтаннан Алматыға жолаушылар пойызы қозғалысын бастады22 тамыз 2020, 10:22

Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтаннан Алматы мен Өскеменге жолаушылар пойызы қозғалысын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол - Алматы-2" бағытындағы жолаушылар пойызы 2020 жылы 25, 27, 29 тамызда және 1, 3, 5, 7, 9, 11 қыркүйекте Нұр-Сұлтан - Нұрлы жолдан жөнелтілетіні хабарланды.

2020 жылы 26, 28, 30 тамызда және 2, 4, 6, 8, 10, 12 қыркүйекте Алматыдан келу/жөнелтілу жоспарланған.

Нұр-Сұлтан - Нұрлы жолға келу кестесі: 2020 жылдың 27, 29, 31 тамыз және 3, 5, 7, 9, 11, 13 қыркүйегі. 

Сонымен қатар, № 68/67 "Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол - Өскемен-1" бағытындағы пойыз 2020 жылы 26, 30 тамыз және 3, 7, 11 қыркүйекте Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан жөнелтілуі, 2020 жылы 27, 31 тамызда және 4, 8, 12 қыркүйекте Өскеменнен келуі/жөнелтілуі, Нұр-Сұлтан - Нұрлы жолға келуі 2020 жылы 28 тамызда және 1, 5, 9, 13 қыркүйекте жолаушылар пойызының қосымша рейстері тағайындалды.

Пойыздардың келу/жөнелтілу уақыты туралы барлық ақпаратты "105" анықтамалық телефоны арқылы алуға болады (стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін).

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!