02 желтоқсан 2020 | 09:45

Нұржан Әлтаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұржан Әлтаев. © Tengrinews.kz Нұржан Әлтаев. © Tengrinews.kz

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттігі тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОСК хабарламасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттігі тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОСК хабарламасына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына, 9-тармағына, Nur Otan партиясының 2020 жылғы 30 қарашадағы № SQ-0101-20/4253 хатына және Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының Саяси кеңесі Бюросының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 1 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевтың өкілеттігі оның Nur Otan партиясының қатарынан шығарылғаны туралы Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының Саяси кеңесі Бюросының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 1 қаулысына байланысты тоқтатылсын", - делінген шешімде.

Еске салайық, Нұржан Әлтаев былтыр 13 ақпанда Парламент Мәжілісінің депутаты болған еді. Сол кезде Нұржан Әлтаев Парламенттің төменгі палатасының аграрлық мәселелер комитетінің құрамына кірген болатын.

"Жарықты сөндіріп жүреміз, суды босқа ағызбаймыз" - Бес баласы бар депутат

Нұржан Әлтаев 41 жаста, қазіргі Түркістан облысының тумасы. 2004 жылы Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2012 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін бітірген. Мамандығы-заңгер, экономист.

Ол еңбек жолын 2002 жылы бастаған. 2005-2012 жылдары мемлекеттік органдарда әр түрлі қызмет атқарған, ұлттық компанияларда жұмыс істеген. 2012-2017 жылдары "Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын", Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасын басқарды, "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары болып істеген. ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі болған. 2018 жылдың қаңтарынан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып қызмет еткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети