02 желтоқсан 2020 17:28

"Шенеуніктерді алаңдатпайды". Нұржан Әлтаев Nur Otan партиясынан неге шығарылғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Nur Otan партиясының экс-депутаты Нұржан Әлтаев партиядан неге шығарылғанын түсіндіру үшін баспасөз мәслихатын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Nur Otan партиясының экс-депутаты Нұржан Әлтаев партиядан неге шығарылғанын түсіндіру үшін баспасөз мәслихатын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлтаевтың айтуынша, ол Nur Otan-дағы әріптестері айтқандай партия тәртібін бұзған жоқ.

"(...) Мен партиялық тәртіпке, партия бағдарламасына құрметпен қараймын, бірақ Қазақстан халқына да үлкен құрметпен қараймын. Мен Nur Otan депутатының жұмсақ креслосында қалу үшін халықтың проблемаларына қарап, үндемей отыра алмаймын. Маған көмекке жүгінген адамдардың пікірлерін жеткізу үшін партия тәртібін бұзуға тура келді", - деді Әлтаев өзінің баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, экс-депутат оның "тәртіпті" бұзуына пандемия әсер еткенін айтады.

"Пандемияда көптеген адам қайтыс болғанда, халық көмексіз қалғанда (...) және сол кезде қомақты қаражат бөлініп жатқанда. Бірде бір ел Қазақстан сияқты ақша бөлмеген шығар. Мен үндемей қоя алмадым, депутаттық сауалым естеріңізде болар - премьер-министрді Парламентке шақырып, одан есеп беруін сұраған кезде. Бірақ, өкінішке қарай, ол депутат алдында есеп беруді жөн санамады. Оның жазбаша жауабында ештеңе де айтылмады, жалтарма жауап", - деді Әлтаев.

Оның айтуынша, Қазақстанға саяси реформалар қажет.

"Тәртіпті бұзуға қатысты айтылған осы мәселелерден соң партияда көп сауал туындады. Менің ішкі сенімім - бұл елге үлкен саяси реформалар қажет. (...) Бізде жемқорлық жыл сайын өршіп жатыр.

Шенеуніктер халық алдындағы жауапкершілікті түсінбейді, . Нұржан Әлтаев Nur Otan партиясынан неге шығарылғанын айттыолар оны тағайындайтын адамның алдында ғана жауапты, депутаттар да, облыс әкімдері де сондай (...).

Сондықтан, Президент өңірлерге келгенде олар жиектастарды бояп, Президент өтетін жерге асфальт төсейді, ал халықтың қалай өмір сүріп жатқанына ол шенеуніктер мән бермейді, оларды алаңдатпайды. (...)", - деді Әлтаев.

Осылайша экс-депутат биліктегілерге сын қажет екенін және оларға проблемалар туралы айту керегін айтады. Сондай-ақ, ол өзін мемлекетке қарсы шыққан адам ретінде санамайтынын жеткізді.

Еске салайық, бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттігі тоқтатылғаны хабарланған болатын.

Нұржан Әлтаев былтыр 13 ақпанда Парламент Мәжілісінің депутаты болған еді. Сол кезде Нұржан Әлтаев Парламенттің төменгі палатасының аграрлық мәселелер комитетінің құрамына кірген болатын.

"Партия беделіне нұқсан келтірді". Әлтаевтың депутаттық өкілеттігі неге тоқтатылғаны белгілі болды

Айта кетейік, Нұржан Әлтаев 41 жаста, қазіргі Түркістан облысының тумасы. 2004 жылы Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2012 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін бітірген. Мамандығы - заңгер, экономист.

Ол еңбек жолын 2002 жылы бастаған. 2005-2012 жылдары мемлекеттік органдарда әр түрлі қызмет атқарған, ұлттық компанияларда жұмыс істеген. 2012-2017 жылдары "Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын", Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасын басқарды, "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары болып істеген. ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі болған. 2018 жылдың қаңтарынан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып қызмет еткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети