04 сәуір 2018 19:34

Нұрлан Ермекбаев Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Ермекбаев Нұрлан Ермекбаев

Нұрлан Ермекбаев Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Нұрлан Ермекбаев Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы  болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметінен босатылсын", - делінген хабарламада.

Нұрлан Ермекбаев 1963 жылы туған. 1986 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің Мәскеудегі Әскери Қызыл ту институтының шығыс тілдері факультетін тәмамдаған. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының экономика факультетін бітірген. Орыс, қытай, ағылшын және португал тілдерін меңгерген. Саяси ғылымдар кандидаты.

1984 жылдан бастап 1985 жылға дейін - Ангола Халық Республикасында қызметтік іссапарда болды. 1986 жылдан бастап 1996 жылға дейін - КСРО Қарулы күштері Бас штабы жүйесіндегі бөлімдерде қызмет етті. 1990 жылдары КСРО ҚК қатарынан босатылған соң сыртқы экономикалық компанияларды басқарған. 1993 жылдан бастап 1995 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Сауда өкілдігінің аға сарапшысы. 1996 жылдан бастап 1997 жылға дейін - Алматы сауда-қаржы банкі басқарма төрағасының кеңесшісі. 1999 жылдан бастап 2001 жылға дейін - "Қазақстанның халық банкі" ААҚ-ның Қытай Халық Республикасындағы өкілдігінің басшысы.

2001 жылдан бастап 2003 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі. 2003 жылдан бастап 2004 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Сингапурдағы уақытша сенімді өкілі (дипмиссия басшысы). 2004 жылдан бастап 2006 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі. 2006 жылдан бастап 2007 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі. 2007 жылдан бастап 2010 жылға дейін - Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары. 2010 жылдан бастап 2012 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі. 2012 жылдан бастап 2013 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы. 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Корея Халықтық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы. 2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін - Президенттің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы. 2016 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалған еді.

"Парасат" (2015), "Құрмет" (2005) ордендерімен, "Оңтүстік Қазақстан облысының игілігіне еңбегі үшін", "Жергілікті жанжалдарға қатысушыға. Ангола" медальдарымен, басқа да бірқатар мерейтойлық медальдармен, "Президенттің алғысы", "Қазақстан темір жолына 110 жыл" төсбелгілерімен марапатталған. Дипломатиялық рангі - Төтенше және Өкілетті Елші. Үйленген, екі баласы бар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети