16 қараша 2021 17:44

Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

elbasy.kz elbasy.kz

Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.


Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына дайындығы баяндалды.

Бауыржан Байбек Елбасына өңірлерге жұмыс сапарларының қорытындылары, сондай-ақ, Nur Otan партиясының мәслихаттардағы фракцияларының сайлауалды бағдарламаларын орындау жөніндегі отырыстарының нәтижелері туралы ақпарат берді.

"Бір жыл ішінде біздің фракция Мәжілісте Үкімет мүшелерінің қатысуымен үш отырыс өткізді. Жұмыс бұрын бекітілген жоспарларға сәйкес жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, 2025 жылға дейінгі "Жастар-Отанға!" бағдарламасы аясында 20 пайыз іс-шара жүзеге асырылды", - деді Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары.

Байбек Jastar–Otanga! халықаралық форумын өткізу нәтижелері, 15 елдің өкілінің қатысуымен халықаралық партия форумын ұйымдастыру жоспарлары туралы айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев партияның орталық аппараты мен өңірлік филиалдарына саяси кеңестің кеңейтілген отырысын өткізуге сапалы дайындықты жалғастыруды тапсырды.

Бұған дейін Назарбаев 23 қарашада өтетін партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы Қаулыға қол қойғаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети