15 желтоқсан 2016 | 12:22

Нұрсұлтан Назарбаев бір адамнан келген екі хат жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жиында Геннадий Зенченко есімді кәсіпкер жазып жіберген екі хат жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жиында Геннадий Зенченко есімді кәсіпкер жазып жіберген екі хат жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өзімнің жеке мұрағатымнан бір адамнан келген екі хатты тауып алып, сол хаттарды осы жиынға әкелуді ұйғардым. Хатты Солтүстік Қазақстан облысының шаруасы Геннадий Иванович Зенченко жазған екен. Оның бірінші хатын мен ширек ғасыр бұрын 1991 жылы алдым. Геннадий Иванович хатында былай деп жазыпты: "Біз қазір еліміздегі қиын жағдай жайлы білеміз. Жақында жұртшылықпен кездескенде сіз Отанды сүюдің керемет сезім екенін, әсіресе, оны қиын жағдайда бағалай білудің маңызды екенін айтқан болатынсыз. Біз ауыр кезеңдердің келгенін түсініп отырмыз, бірақ біз сіздің Қазақстанды дамыта әрі гүлдендіре алатыныңызға сенеміз. Тек сізге сенумен өмір сүреміз", - деп оқыды Қазақстан Президенті Геннадий Ивановичтің хатын.

"Екінші хат та Геннадий Зенченкодан келген екен. Ол енді Қазақстанның еңбек ері. Геннадий Зенченкодың екінші хаты осы жылдың басында келді. "Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы, біз сізді Қазақстанды гүлдендіре алады деп сенеміз. Мен бұл сөзді осыдан 25 жыл бұрын жазған едім. Бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығында біздің армандарымыз мен мақсаттарымыздың барлығы жүзеге асты. Менің өзімнің фермерлік шаруашылығым бар, бұл - менің өмірім, отбасымның аман-саулығы. Менің немерелерім де қазір Қазақстанда жұмыс істеп жатыр. Сіз жаңа елорданы құрдыңыз, сондай-ақ, елімізде жолдар, зауыттар мен фабрикалар салдыңыз. Сіз мәңгілікке біздің Елбасымыз болып қаласыз. Қазақстан үшін атқарған еңбегіңіз үшін рақмет. сізге бас иемін", - деп оқыды Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Ивановичтің екінші хатын.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл хаттарда қазақстандықтардың Тәуелсіздіктің 25 жылындағы өмірі көрсетілген. Cондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсiздiктiң 25 жылдығын арналған салтанатты шарада зейнетақы мен бала туғанда берілетін жәрдемақыны өсіруді тапсырды. Назарбаев 1996 жылы Қазақстанның 35 пайызы кедейлік деңгейінде болғанын айтты. 

Сонымен қатар, Назарбаев эмигранттар жайлы да айтып өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Тәуелсіздігінің алғашқы жылдары елден түрлі себептермен 3,5 миллион адам кеткен.

Еске сала кетейік, 13 желтоқсанда Елбасы "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңға жария түрде қол қойған болатын. Мемлекет басшысы елімізде Тәуелсіздік жылдарында 8 рет рақымшылық жасалғанын айтқан еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети