Назарбаев эмигранттар жайлы: Бізден жыл сайын бүтін бір қала көшіп кетіп отырған

15 Желтоқсан 2016, 11:46
0
Назарбаев эмигранттар жайлы: Бізден жыл сайын бүтін бір қала көшіп кетіп отырған - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Тәуелсіздігінің алғашқы жылдары елден түрлі себептермен 3,5 миллион адам кеткен. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1991 жылдан бастап Қазақстаннан түрлі себептермен шамамен 3,6 миллион адам кетті. Жыл сайын елімізден бүтін бір қала көшіп кететін. Осы жылдары еліміздегі тұрғындардың саны 17,5 миллионнан 14 миллионға дейін азайған. Бұл біздің экономикамыз үшін қатты соққы болды. Біз әлем елдерін қызықтырған жоқпыз, оларға қажет болған жоқпыз. Бүгінде мұның барлығы 25 жыл бұрын болғанын елестету тіпті қиын", - деді Қазақстан Президенті.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңға жария түрде қол қойған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев рақымшылық жасау мемлекеттің ізгі ниетінің көрінісі болып саналатынын айтты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай