29 желтоқсан 2016 22:39

Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы жаңажылдық кешке қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы елордадағы жаңажылдық қайырымдылық кешіне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы елордадағы жаңажылдық қайырымдылық кешіне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев қатысушыларға арнаған сөзінде еліміздің бүгінгі жетістіктері бүкіл қазақстандықтардың ортақ еңбегі мен бірлігінің жемісі екенін айтты.

Қазақстан Президенті келер жылы болатын ұлттық және халықаралық ауқымдағы ірі оқиғаларды атап өтті. Олардың қатарында дүниежүзілік Универсиада, ЭКСПО халықаралық көрмесі, Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммиті бар.

Сондай-ақ, Елбасы мұқтаж жандарға көмек көрсету және қайырымдылық іс-шаралары халқымыздың игі дәстүрі екеніне тоқталды.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, баршаның отбасына бақ-береке, денсаулық, жаңа табыс тіледі.

Қайырымдылық кешінен түсетін барлық қаражат "Мейірім" ерікті қоғамы" қорына аударылатын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети