Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен кездесті

16 Сәуір 2015, 13:25
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Елбасы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында қазақ-түрік қарым-қатынастарын одан әрі нығайту, өзара іс-қимылдарды байланыстардың кең ауқымында дамыту мәселелері талқыланды. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев пен Реджеп Тайып Ердоған сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды тереңдету жолдарын қарады. Екі мемлекеттің басшысы халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті жайттарды да қозғады.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті екі елдің арасында орнаған достық және бауырластық қарым-қатынас өте жоғары деңгейде екенін атап өтті.

"Сіздің басшылығыңызбен Түркия соңғы 12 жылда зор табыстарға жетті. Ол экономикалық көрсеткіштері жағынан әлемде 16-орында, бұл - бүкіл халықтың еңбегі мен Сіздің күш-жігеріңіздің нәтижесі. Сізбен бірге үлкен делегация келді, олар бүгін екіжақты бизнес форумға қатысады. Сіздің сапарыңыз біздің қарым-қатынастарымызды жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізетініне сенімдімін", - деді Қазақстан Президенті.

Өз кезегінде Ердоған Қазақстан Президентіне былтыр Түркияға сапармен келіп, инаугурация рәсіміне қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

"Әлемдегі күрделі экономикалық ахуал жағдайында Қазақстан қарқынды дамып, елеулі табыстарға жетуде. Бұл бізді қуантады. Сондай-ақ мұнда таяуда президенттік сайлау өтеді. Мен сізге зор табыс тілеймін", - деді Түркия Президенті.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай