19 желтоқсан 2014 | 18:08

Нұрсұлтан Назарбаев Украинаға жұмыс сапарымен барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©president.gov.ua ©president.gov.ua

Назарбаев Украинаға жұмыс сапарымен барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Назарбаев Украинаға жұмыс сапарымен барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"22 желтоқсанға Қазақстан Президентінің Украинаға жұмыс сапары жоспарланған, оның барысында сол елдің басшылығымен келіссөздер жүргізіледі", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, өткен тамыз айында Минскіде Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Петр Порошенкомен кездескен болатын. Назарбаев Украина президентіне Қазақстанның Украинамен қарым-қатынасты дамытуды жалғастыруға дайын екенін және Қазақстанның бұл елдегі ахуалды жылдам реттеуге мүдделі екенін мәлімдеді. Қазақстан Президенті екі ел арасында көптеген бірлескен жоба бар екенін айтып, "үкіметаралық комиссия осы жұмысты жалғастыруы тиіс" деп атап өтті.

"Біз тату қарым-қатынасты, сауда-саттықты жалғастырғымыз келеді, сіздерде бейбітшілік болғанын қалаймыз", - деді сол кезде Назарбаев.

Украина президенті болса, сол кезде Қазақстан мен Украина арасында өзара тауар айналымын ұлғайтудың мүмкіндігі мол екенін айтқан еді. "Мен Сіздің Украинадағы ахуалды реттеу бағытындағы батыл ұстанымыңызды білемін, мен Сізге Украинаның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі ұстанымдарымызға қолдау көрсеткен шешуші әрекеттеріңіз үшін алғыс айтамын. Сіз үшін Украина бөтен ел емес, есімде, біз Сізбен Днепропетровскіде Сіз тәмамдаған оқу орнының жанында кездескен едік. Украинада Сізді ұмытпайды, құрметтейді, жақсы көреді", - деді Порошенко.

Ақорданың хабарлауынша, сонымен бірге, 23 желтоқсанда Мәскеуде Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттерінің қатысуымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді. Сондай-ақ 2015 жылғы 1 қаңтарда іске қосылатын ЕАЭО-ның қарсаңында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан президенттерінің қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысы болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети