26 тамыз 2014 19:42

Порошенко Назарбаевқа: Украинада Сізді жақсы көреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петр Порошенко. ©REUTERS Петр Порошенко. ©REUTERS

Украина президенті Петр Порошенко Қазақстан мен Украина арасында өзара тауар айналымын ұлғайтудың мүмкіндігі мол деп есептейді. Ол бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Минскіден.


Украина президенті Петр Порошенко Қазақстан мен Украина арасында өзара тауар айналымын ұлғайтудың мүмкіндігі мол деп есептейді. Ол бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Минскіден.

"Мен Сіздің Украинадағы ахуалды реттеу бағытындағы батыл ұстанымыңызды білемін, мен Сізге Украинаның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі ұстанымдарымызға қолдау көрсеткен шешуші әрекеттеріңіз үшін алғыс айтамын. Сіз үшін Украина бөтен ел емес, есімде, біз Сізбен Днепропетровскіде Сіз тәмамдаған оқу орнының жанында кездескен едік. Украинада Сізді ұмытпайды, құрметтейді, жақсы көреді", - деді Порошенко.

Ол қыркүйекте екі ел арасындағы үкіметаралық комиссияның отырысы жоспарланғанын айтты. Тараптар өзара тауар айналымын кеңейтіп, сол жолдағы барлық кедергілерді жоюға мүмкіндік беретін экономикалық ынтымақтастықтар мен жағдайлар туралы талқылайды. "Біз бұған мүдделіміз, біздің әлеуетіміз мол", - деді Порошенко. Ол алдағы күндері екеуара пікірлесудің Анкарада жалғасатынын айтты.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Минскіден соң бірден Түркияға жұмыс сапарымен аттанады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети