Нығматулин Сәпиевке: Мәжіліс ринг емес, бірақ мұнда да жекпе-жектер қызу өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нығматулин Сәпиевке: Мәжіліс ринг емес, бірақ мұнда да жекпе-жектер қызу өтеді © wikimedia.org

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Серік Сәпиевті депутат болып тағайындалуымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Серік Сәпиевті депутат болып тағайындалуымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрлан Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысы барысында бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті құттықтады.

"Кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясы Сәпиев Серік Жұманғалиұлын Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді. Осыған байланысты жаңадан тағайындалған әріптесіме депутаттық корпустың атынан жауапты істе сәттілік тілейміз. Олимпиада чемпионы бірінші жұмыс күнін спорт жайлы заң жобасын талқылаған кезде бастайды. Серік, Мәжіліс ринг емес, әрине, бірақ мұнда да жекпе-жектер қызу өтеді. Сондықтан саған мұнда бізбен бірге жеңістерге жетуіңді тілейміз", - деді Мәжіліс спикері.

Еске сала кетейік, кеше, 28 ақпанда Серік Сәпиевтің Мәжіліс депутаты болғаны хабарланған еді. ОСК төрағасы Берік Имашев Серік Сәпиевке ҚР Парламент Мәжілісі депутатының куәлігі мен төс белгісін табыс еткен болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети