04 шілде 2017 17:51

Нығматулин Жапония Парламенті өкілдерімен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы, Өкілдер Палатасының депутаты Такео Кавамура бастаған делегациямен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы, Өкілдер Палатасының депутаты Такео Кавамура бастаған делегациямен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс спикері Такео Кавамура беделді әрі танымал саясаткер, ұзақ жылдар Жапония Парламентінде Қазақстанмен достық лигасын басқарып, қазақстандық-жапондық қарым-қатынасты тереңдетуге зор үлес қосқан. Оның EXPO көрмесіне арнайы келуі біздің елдеріміз ынтымақтастығының жоғары деңгейде екендігін көрсетеді.
Нұрлан Нығматулин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияны Қазақстанның Тынық Мұхит аймағындағы маңызды стратегиялық әріптесі ретінде бағалайтынын жеткізді.

Палата Спикерінің айтуынша, Қазақстан мен Жапонияның бейбіт өмір жолындағы ұстанымдары ортақ. Осы ретте тараптар ядролық сынақ мәселесіне қатысты пікір алмасты.

Нұрлан Нығматулин біздің еліміз солтүстік кореяның ядролық бағдарламасы төңірегінде мәселеге назар аударып, Жапон теңізіне бағыттап ұшырылған баллистикалық зымырандарға қатысты алаңдаушылық білдіріп отырғанын жеткізді.

Осыған орай мәртебелі мейман Жапонияда Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөніндегі бастамаларын өте жоғары бағалайтынын айтты.

Кездесу барысында тараптар барлық сала бойынша қарым-қатынасты нығайтудың өзекті сұрақтарын талқылады.
Такео Кавамура EXPO көрмесінен алған әсерлерімен бөлісіп, қазақ елінің қонақжайлық құрметі үшін алғысын жеткізді. Мәжіліс спикері меймандарға елімізде жүргізілген саяси реформа жайлы баяндап, Мәжіліс жұмысының басым бағыттарымен таныстырды.

Парламентаралық байланыс жайында кездесу иелері, достық топтар мен бейінді комитеттер арасындағы іс-сапарлар, кездесулер тәжірибе алмасумен қатар, екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын зерделеуге жол ашатынын білдірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети