13 ақпан 2024 12:51

"Одан ештеңе түсінбейсіздер". Жаңа министр декларациясы туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: t.me/KZgovernment Фото: t.me/KZgovernment

Жақында ғана тағайындалған Қаржы министрлігінің жаңа басшысы Мәди Такиев журналистердің өз декларациясын көпшілік алдында көрсету туралы сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жақында ғана тағайындалған Қаржы министрлігінің жаңа басшысы Мәди Такиев журналистердің өз декларациясын көпшілік алдында көрсету туралы сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет брифингі барысында Такиевке журналистер Ерұлан Жамаубаев көрсетуге уәде бергенімен, декларациясын көрсетпегені туралы айтты.

"Қаржы министрлігінің жаңа басшысы ретінде өз декларацияңызды жария етесіз бе? Шенеуніктер декларациясы жария болуы керек пе деген сұраққа қатысты ұстанымыңыз?" - деп сұрады журналистер.

Мәди Такиевтің айтуынша, шенеуніктер декларациясы жария болады.

"Заңда жазылған, 2025 жылдан бастап олардың барлығы жарияланады. Менің декларацияма келетін болсақ, мен оны жариялай аламын, әрине, бірақ одан ештеңе түсінбейсіздер. Өйткені бізде тіркелген мүлікті көрсетудің қажеті жоқ, өйткені ол мемлекеттік ресурстардан "тартылған", - деп жауап берді Такиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети