“Оқиғалар күн сайын тіркеледі“ - қорғаныс министрінің орынбасары әскери бөлімдердегі камералар туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Оқиғалар күн сайын тіркеледі“ - қорғаныс министрінің орынбасары әскери бөлімдердегі камералар туралы Сурет © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев тексеріліп жатқан әскери бөлімдерде сарбаздарды ұрып-соғу деректері тіркелмегенін, алайда онда күн сайын түрлі оқиғалар анықталып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Мәжіліс кулуарында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев тексеріліп жатқан әскери бөлімдерде сарбаздарды ұрып-соғу деректері тіркелмегенін, алайда онда күн сайын түрлі оқиғалар анықталып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Мәжіліс кулуарында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Журналистер министрдің орынбасарынан әскери бөлімдердегі жағдай мен сарбаздарға қатысты ықтимал соққыға жығу деректері туралы сұрады.

Дархан Ахмедиев қазір мұндай фактілердің тіркелмегенін айтты.

"Сарбаздарды ұрып-соғу - мұндай жағдайлар жоқ. Бірақ бастапқыда анықтаған инциденттер, бүгінде осы жұмыс жүргізіліп жатқан әскери бөлімдерде күн сайын тіркеліп жатыр", - деді министрдің орынбасары.

Нақты қандай оқиғалар туралы сөз болып жатқаны туралы нақтылаушы сұраққа Ахмедиев бірнеше мысал келтірді.

"Бұл - қызмет орнынан кетіп қалу, белгіленбеген уақытта шығу, рұқсаты жоқ адамдардың қоймаларға кіруі және тағы басқалар", - деп түсіндірді ол.

Бұл ретте Қорғаныс министрінің орынбасары әңгіме төбелес туралы емес екенін атап өтті.

"Төбелес болған жоқ. Мұндай жағдайлар тіркелмеді", - деді Ахмедиев.

Мән-жайы

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің өлімінен кейін қосымша шаралар енгізілгені туралы хабарлаған болатын. Әскери бөлімдерге жеке құрамды кешенді психологиялық тексеруден өткізу үшін комиссиялар жіберіліп, оқиғалардың алдын алу үшін командирлер мен сержанттар құрамының жауапкершілігі күшейтілгені айтылды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 471.45   547.77   6.66 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер