15 қазан 2015 12:00

ОҚО Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысына ірі көлемде айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Оңтүстік Қазақстан облысында білім беру саласындағы бақылау бойынша департаменттің басшысы пара алғаны үшін айыпталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оңтүстік Қазақстан облысында білім беру саласындағы бақылау бойынша департаменттің басшысы пара алғаны үшін айыпталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл ақпанда 860 мың теңге көлемінде пара алып жатқан Оңтүстік Қазақстан облысының білім беру саласындағы бақылау бойынша департаментінің басшысы өзінің жұмыс кабинетінде ұсталды.

"Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен ол ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі "Пара алу" бойынша айыпты деп танылды және оған 51 миллион 600 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қазіргі таңда айыпталушы салынған айыппұлдың 38 миллион 800 мың теңгесін мемлекеттік кіріс есебіне төлеп берді.

Айта кетейік, кеше, 14 қазанда ТМРА экс-басшысы Мұрат Оспановтың миллиард теңге айыппұлды төлеп болғаны анықталды. Аса ірі көлемде пара алғаны үшін оған 1 миллиард 106 миллион 60 мың теңге айыппұл салынған болатын. Айыпталған Мұрат Оспанов бұл соманы сегіз айда төлеп болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети