14 шілде 2016 11:58

ОҚО-да жер телімдерін беру үшін алаңшаларды дайындау мәселелері қаралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© toppress.kz © toppress.kz

ОҚО әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаевтың төрағалығымен облыстық басқарма басшылары мен аудандық әкімдік өкілдерінің қатысуымен мәжіліс өтті. Жиналыста жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру үшін алаңшаларды дайындау мәселесі көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімінің орынбасары Бөкенбаев тұрғын үйге жер учаскелерін беруге лайықты алқаптарды таңдау, инфрақұрылым жүргізуге нақты жобаларды дайындау, жеручаскесін алуға кезекте тұрған азаматтардың кезектілік тізіміне қысқа мерзімде жер алуға аса мұқтаждарды, мүгедектерді, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды т.б. топтарға бөле отырып талдау жүргізу жұмыстары басты назарда тұрғандығы жөнінде айтты.

© ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Жиын соңында Жақып Құттыбекұлы аудан әкімдіктері мен басқарма басшыларына тапсырмаларды жылдам әрі сапалы орындауды тапсырды.

Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша 145 мыңнан аса азамат жер кезегінде тұр.

© ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети