22 ақпан 2016 14:14

ОҚО-да жоғалған баланы іздеуге ондаған ерікті қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

ОҚО-да жоғалған баланы іздеуге ондаған ерікті қосылды. 30-дан аса адам Ордабасы ауданының орталығына өздері жасап алған нұсқаулықпен шығып, баланы іздеуге кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.


ОҚО-да жоғалған баланы іздеуге ондаған ерікті қосылды. 30-дан аса адам Ордабасы ауданының орталығына өздері жасап алған нұсқаулықпен шығып, баланы іздеуге кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.

Түрлі-түсті бояумен басып шығарылған суретте баланың суреті бейнеленген. А4 форматындағы қағаздармен автобустарға мініп, баланы сұрастырып жатқандардың қарасы көп. Еріктілер көшедегілерге баланың жоғалғанын хабарлап, ол туралы қандай да бір мәліметі болса полицияға дереу хабарлауын сұрап жатыр.

Сонымен қатар, суретті олар әр автобустың салонына іліп жатыр. Баланың суреті бар қағазды белсенділер Шымкентте, оның ауылында, Түркістанда және ауыл-аймақтарда ілген. 

© Tengrinews.kz

Еске сала кетейік, бала 20 ақпан күні күндіз жоғалып кетті. Баланың туыстарының айтуынша, Мұхаммед сағат 12.30 шамасында сабақтан шыққан, бірақ үйіне келмеген. Мұхаммедтің белгілері мен киімі: жасы шамамен 6-7-де, ашық реңді, арық, ашық қоңыр күрте киген, қара шалбар және қара етік. Баланың көк түсті сөмкесі болған, сөмкеде "өрмекші адамның" суреті бар.


Мұхаммед Қамшыбек

Баланы азиялық түр кескіндегі әйел адамның алып кеткені анықталды. "Оның жасы шамамен 50-55-те, бойы 160 сантиметр, ақшыл шашты, толықтау, қара қайыс күрте киген, тоқылған қоңыр бас киімі бар", - деп сипаттады басқармадағылар.  

Күдіктінің фотороботы да жасалды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети