08 тамыз 2016 15:49

ОҚО-да күн сәулесін пайдалану арқылы электр энергиясын өндіретін станция салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© trendsblog.ru © trendsblog.ru

Созақ ауданында күн сәулесін пайдалану арқылы электр энергиясын өндіретін станция салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, бұл жобаның іске асырылуына германиялық "GreenEnergy 3000 Holding" ниет білдіріп отыр.

Теріскейге күн қуатымен электр энергиясын өндіретін станция соғуға байланысты германиялық холдинг пен аудан әкімдігінің арасында келіссөздер бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді. Станцияны соғу туралы келісім холдингтің Қазақстандағы өкілі Ақылбек Саматұлы мен аудан әкімі Мақсат Исаевтың кездесуінен кейін белгілі болды. Қазіргі таңда Германиялық холдинг, "GreenEnergy 3000 Holding" қарасты Созақ ауданы "ЮКСЭС-50" ЖШС филиалы жобасының құрылыс жұмыстарын жүргізуге әзір. Егер де қажетті құжаттар әзірленсе, станцияның құрылыс жұмыстары осы жылдың қараша айында басталып, 200-ге жуық жұмысшы тартылады. Ал келесі жылы толық қуатымен жүзеге асатын жобада 50 адам жұмыспен қамтылады деп күтіліп отыр.

Айта кетейік, 50 мегаватт электр энергиясын өндіретін жобаның тұтынушысы "KEGOC" АҚ болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети