27 ақпан 2017 14:31

ОҚО-да мемқызметкерлердің үстінен 100-ден аса арыз түскен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Известия © Известия

Оңтүстік Қазақстан облысында Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің үстінен түскен 100-ден астам талап-арызды қанағаттандыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Оңтүстік Қазақстан облысында Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің үстінен түскен 100-ден астам талап-арызды қанағаттандыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыс әкімінің кеңесшісі - жергілікті атқарушы органдардағы Әдеп жөніндегі уәкіл Әмірдин Әлішев хабарлады. Оның айтуынша, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Елбасы Н. Назарбаевтың Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының аясында тағайындалған уәкіл осы мерзім ішінде 36 мемлекеттік қызметкердің этикалық қарым-қатынасындағы кемшіліктері анықтап, шара көрілуіне атсалысқан.

"74 мемлекеттік қызметші мен басқа да азаматтаға жеке қабылдаулар өткізіліп, толғандырып жүрген сұрақтарына жауаптар алды. Почта байланысы арқылы 8 арыз түссе, Кентау қаласы мен Қазығұрт ауданынан түскен 4 арыз облыстық Әдеп кеңесінің қарауына жолданып, бір мемлекеттік қызметшіге "қызметіне толық сәйкес еместігі туралы" тәртіптік шара көрілді. Сарыағаш ауданынан түскен бір арыз облыстық еңбек инспекциясы басқармасы арқылы тексеріліп, қазіргі уақытта сотта қаралуда. Әдеп жөніндегі уәкілдің облыс әкімі аппараты ғимаратындағы жеке қабылдауында 14 адам болып, жазған арыздары заң талаптарына сай тексеріліп, жауаптар берілді. Ал сымтетік арқылы 8 адам хабарласты. Жалпы, осы уақыт аралығында Әдеп жөніндегі уәкілдің қабылдауында болғандар, сымтетікпен хабарласқандар, пошта арқылы 104 арыз келіп түскен.", - деді Әлішев.

Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген міндеттерді орындау аясында бекітілген кестелерге сәйкес 2016 жылы 97 іс-шара өткізіліп, облыс әкімі аппаратында, барлық облыстық басқармада, қала мен ауданда жергілікті атқарушы органдарда қызмет атқаратын барлық мемлекеттік қызметшінің қатысуымен семинар-кеңестер өткізілді. Онда Әдеп кодексінен, мемлекеттік қызмет және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдардан туындайтын талаптар түсіндіріліп, берілген сұрақтарға жауаптар берілді. 2016 жылдың сәуір айында өткізілген семинар-кеңестерге барлығы 3712 мемлекеттік қызметші қатысса, қыркүйек айында өткізілген семинар-кеңестерге аудан әкімдері, олардың орынбасарлары, аппараттың жауапты қызметкерлері, ауыл әкімдері, дербес бөлім басшылары, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, медицина мекемелерінің бас дәрігерлері қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети