ОҚО-да зорланды делінген бала Астанаға жіберілді

15 Наурыз 2018, 11:50
0
ОҚО-да зорланды делінген бала Астанаға жіберілді -

Оңтүстік Қазақстан облысында зорланды делінген жеті жасар бала Астанаға жіберілді. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 15 наурызда облыс әкімінің төрағалығымен Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы мектептерде болған жағдай бойынща отырыс өтті.

ОҚО әкімі барлық тексеріс жұмыстары аяқталған соң нәтижесін көрсететіндерін айтты.

"Бұл процесте біраз қателік кетті. Қазір біз жұмыс тобын құрдық. БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділерін осы іске араласуға шақырамыз", - деді Жансейіт Түймебаев.

Осыған дейін ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Бәлиеваның зорлық көрді делінген оқушы баламен кездескені хабарланған болатын. Бәлиеваның айтуынша, баланың денсаулығы мен құқығын қорғау мақсатында тергеуші балаға ешкімнің де қандай да бір сұрақ қоя алмайтын қаулы шығарған. 

Еске салайық, Желіде ОҚО-ның Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында жеті жасар бала зорланды деген ақпарат тараған. Кейін TVK мәліметінше, ОҚО ІІД өкілдері бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Алайда күдіктілер немесе ұсталып, қамалғандар жайлы ешқандай мәлімет түспеді. Артынша білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова сараптама қорытындысы оқушы баланың зорланғанын растағанын хабарлаған.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай