ОҚО Өзіндік қауіпсіздік басқармасының полицейлеріне қатысты кәмелет жасына толмаған қызының зорланғанына байланысты арыз жазған әйелдің ісін ұзақ уақыт бойы тіркемеу дерегі бойынша соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО прокуроры Ибрагим Имановқа сілтеме жасап.
ОҚО Өзіндік қауіпсіздік басқармасының полицейлеріне қатысты кәмелет жасына толмаған қызының зорланғанына байланысты арыз жазған әйелдің ісін ұзақ уақыт бойы тіркемеу дерегі бойынша соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО прокуроры Ибрагим Имановқа сілтеме жасап.
Прокурордың айтуынша, полицейлерге қатысты "Салғырттық" бабы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған дейін БАҚ-тарда жәбірленушіден жауап алынғаны және қылмыстың "Зорлау" бабына ауыстырылғаны хабарланған еді.
"Құқық қорғау қызметі туралы" заңға сәйкес, Бәйдібек ауданының прокуроры А.Мұстафаев қызметінен шеттетілді.
"Қазіргі уақытта Бәйдібек аудандық прокуроры А.Мұстафаевқа қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Ол қызметтік тексеріс аяқталғанша қызметінен шеттетілді. Күдіктіге қатысты сот қамауға алу туралы бұотартпау шарасын таңдады және процестік прокурор белгіленді", - деп хабарлады ОҚО прокуроры.
Осыған дейін Оңтүстік Қазақстан облысында зорланған қыздың анасының үндеуі әлеуметтік желілерде жарияланған болатын. Ролик авторының айтуынша, қылмыс Оңтүстік Қазақстан облысы Бəйдібек ауданы Шаян ауылында болған. 10 мамырда белгісіздер мектеп оқушысын ұрлап әкетіп, Шымкентке апарған да, зорлаған.
Кейін 14 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынған болатын.
Анасы Бас прокуратураға жасаған үндеуінде қызына психологиялық қысым көрсетілгенін және ұрланғанын айтады. Тіпті электрошокермен қорқытқанын да айтқан шешесі зар жылап, әділдік іздеген еді.
Осыдан кейін белгілі қоғам белсендісі, Мәжілістің бұрынғы депутаты, қазір "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады. Ол "Время" газетіне 2 маусымда сұхбат берген прокурордың отставкаға кетуін талап етті. Прокурор бұл сұхбатында зорланған 14 жастағы қыз жайлы айтып берген.
"ОҚО-лық прокурордың зорланған 14 жастағы қыз жайлы ерсі сұхбаты. 14 жастағы кішкентай қыздың жеке өмірі туралы жай-жапсарды жария етуге оған кім рұқсат берді? Ол осылайша қоғамда сол қыздың тарапына алдын ала сенімсіздік туғызып отыр. Зорланған қыз бен оны зорлады делінген адамның арасында махаббат бар екені жайлы, өз еркімен жыныстық қатынасқа түсті және отбасы құрмақшы деген сөзінің негізі бар ма? Сараптама қорытындысын жариялауға кім рұқсат берді? Әсіресе оның бұған дейін де жыныстық қатынасқа түскені жайлы күмәнді бөлігін жариялауға қандай қақы бар еді? Мұны Бас Прокурорға тікелей шағым айтқан зардап шеккен тарапқа жария түрде қысым түсіру деп бағалауға болады", - деп наразы болған еді Мұрат Әбенов.