Ананың жанайқайы: ОҚО-да 14 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды

03 Маусым 2017, 14:05
1
Ананың жанайқайы: ОҚО-да 14 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды - © РИА Новости
© РИА Новости

ОҚО-да 14 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған дейін Оңтүстік Қазақстан облысында зорланған ананың үндеуі әлеуметтік желілерде жарияланған болатын. Ролик авторының айтуынша, қылмыс Оңтүстік Қазақстан облысы Бəйдібек ауданы Шаян ауылында болған. 10 мамырда белгісіздер мектеп оқушысын ұрлап әкетіп, Шымкентке апарған да, зорлаған.

ІІД баспасөз қызметінің өкілдері Бәйдібек аудандық ІІБ тергеушісінің өндірісінде қылмыстық істің барын хабарлап отыр. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабының 1-бөлігі бойынша 2017 жылдың 31 мамырында "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бабымен Түлкібас ауданынының 1996 жылғы тұрғынына қатысты қозғалған. 

"Қазіргі уақытта осы дерек бойынша бірқатар сараптама тағайындалған, оның қорытындысы бойынша күдіктіге қатысты процестік шешім шығады", - делінген хабарламада. 

Кейінірек ОҚО ІІД өкілдері күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады. 

"Бүгін 18.00-де күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", - деп жазды ОҚО ІІД өкілдері Facebook желісінде 2 маусымда.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай