27 маусым 2018 16:37

ОҚО-ның бас салықшысы қоластындағылардың жемқорлығы үшін орнынан кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алтынсары Үмбетәлиев. Сурет: yko.kgd.gov.kz Алтынсары Үмбетәлиев. Сурет: yko.kgd.gov.kz

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев орынбасарының жемқорлық дауына ілігуіне байланысты отставкаға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz аймақтық МКД-ге сілтеме жасап. 


Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев орынбасарының жемқорлық дауына ілігуіне байланысты отставкаға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz аймақтық МКД-ге сілтеме жасап. 

Маусымның басында Жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бюросы Үмбетәлиевтің орынбасары Теңлібаевты ұстаған болатын. Ол жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. 

"Мемлекеттік кіріс департаменті өте күрделі және көпсалалы құрылым. Сондықтан басшының оның барлығын қадағалауға мұршасы келе бермейді. Алтынсары Үмбетәлиев көп уақытын салық қызметіне жұмсады, соның ішінде мемлекеттік бюджеттің бектілген жоспар-болжамымен айналысты. Оның жетекшілігімен департамент бірнеше жыл көрсеткіштен асып отырды және мемлекетке миллиардтаған кіріс келтірді", - делінген департаменттің хабарламасында. 

Дегенмен басшы қоластындағылары үшін жауапты екені аталып өтілді. 

"Қоластындағы қызметкерлер жемқорлық бойынша айыпталғандықтан, ол қызметінен кетуді міндет деп санайды. Орнын босата отырып, ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кіріс департаменті, әкімдік пен Оңтүстік Қазақстан облысының құқық қорғау органдарына алғысын білдірді", - делінген хабарламада. 

Алтынсары Үмбетәлиев мемлекеттік қызметте 40 жыл еңбек еткен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети