Павлодарда трамвай басып кеткен қыздардың анасы балаларымен бірге павлодарлықтар алып берген пәтерге көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодарда трамвай басып кеткен қыздардың анасы балаларымен бірге павлодарлықтар алып берген пәтерге көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Енлі Шынар Уалитова екі жасар ұлы Батырхан мен сегіз жастағы қызы Маралмен Екібастұзда тұратын болады.
Отбасы бүгін жаңа пәтерге көшті. Әйелге көшуге павлодарлық еріктілер көмектесті. Сондай-ақ, олар отбасы көшіп келмей тұрып үш бөлмелі пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізді. Еріктілер мен павлодарлық педагогтер қажетті жиһах мен тұрмыс техникасын сатып алып берді. Отбасы жаңа пәтерімен құттықтауға тек еріктілер мен педагогтер емес, сондай-ақ, қала тұрғындары келді.
"Көз жасымды жасыра алмай тұрмын, барлығына көп алғыс айтамын. Ешқашан өзімнің жеке үйім болған емес. Әрине, балаларымызбен бірге өз үйіміздің болуын армандаушы едік. Бізге көмектесіп, қолдау көрсеткендердің барлығына алғыс айтамын", - деді Шынар Уалитова.
Осыған дейін Павлодарда трамвай басып кеткен қыздардың анасының жиналған ақшаның бір бөлігін мүгедек балаларға бергені хабарланған болатын. Шынар Уалитова павлодарлықтар жинап берген қаражаттың бір бөлігін құлақсыз туылған бір жарым жастағы Алижан мен сал ауруына шалдыққан екі жасар Константин Тренинге аударған еді.
Сондай-ақ, павлодарлықтардың Шынар Уалитованың отбасына 8,5 миллион теңгеге үш бөлмелі пәтер алып бергені хабарланған болатын. Барлығы 20 миллион теңге жиналған.
Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 7 қыркүйекте Ломов пен Қатаев көшелерінің қиылысында сағат 7:43-те болған. 2007 және 2009 жылғы қыздарды трамвай басып кеткен. Амал не, бірі қаза тапты, екіншісі жансақтау бөліміне түскен.
Павлодарлық трамвай басқармасының баспасөз қызметіндегілер көліктің оқиға кезінде бірінші маршрут бойынша алюминий зауытына бара жатқанын айтты. Тізгінде бес жылдық тәжірибесі бар 1987 жылғы қыз болған.
Балалар Павлодардағы №4 орта мектепте оқыған. Оқу мекемесіндегілер қыздардың апалы-сіңлілі екенін айтады. "Бұл оқиға енді ғана болды. Апалы-сіңлілер, екінші және төртінші сыныпта оқиды", - деп хабарлады мектептегілер.