06 ақпан 2014 | 17:47

Оқушыны өлтірген қыз бен жігіт ұзақ жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tengrinews.kz ©tengrinews.kz

Ақтөбеде 14 жастағы Гүлдира Сәкенованы өлтірген қыз бен жігіт ұзақ жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Процесс алқабилер сотының қатысуымен өтті. Сот 21 жастағы Сергей Наумцевке қатаң режимдегі колонияда өмір бойы отыруға, 20 жастағы Виктория Савичке 25 жыл бас бостандығынан айыру жазасын берді. Гүлдира Сәкенованың туыстары сот шешімімен келісетінін айтты. Марқұмның туыс ағасы Талғат Құлтаев сот үкіміне шағымданбайтынын, бірақ сотталғандардың түрмеден мерзімінен бұрын босап кетпеуін қадағалайтынын жеткізді. Бұған дейін Гүлдираның әкесі Амангелді Сәкеновтің Наумцев үшін өлім жазасын, ал оның құрбысы үшін өмірлік жаза өтеу үкімін сұрайтыны хабарланған еді. Жәбірленуші тарап өкілінің пікірінше, Наумцев - басты айыпты, ал Савич - сыбайлас. Елді дүрліктірген бұл қылмыс 2013 жылдың қазан айында жасалған еді. Көпқабатты үйлердің бірінің алдында жол сөмкесіне салынған мәйіт табылған болатын. Полицейлер көп ұзамай оқушы қыздың өліміне күдікті екеуді ұстады. Виктория Савич Гүлдираны өздері өлтіргенін мойындады. Қылмыскерлер "Мой мир" желісінде Дана деген жалған аккаунтпен Гүлдирамен танысып, оны қонаққа шақырады. Жасөспірім келісім бермеген кезде Савич жалғыз өзі қорқып отырғанын айтып, құрбанын үйіне келуге көндіреді. Гүлдира ата-анасынан құрбымның үйіне барамын деп сұранып кетеді. Содан оралмайды. Ал бұл кезде Наумцев, Савич, Сәкенова үшеуі топ болып жыныстық қатынасқа түскен. Тергеу барысында Савич Наумцевті Гүлдирадан қызғанып кетіп, қызды телефон зарядтайтын құрылғының сымымен буындырып өлтіргенін айтты. Кейін қылмыскерлер оны шешіндіріп, сөмкеге салып, қоқыс контейтеріне тастамақ болған, бірақ жақын маңнан полицейлерді көріп, сөмкені подъезд алдына қалдырып қашып кетеді. Бұл оқиға Ақтөбеде қоғамдық серпіліс туғызды. Мектептерде коменданттық сағат енгізіліп, қалалық білім бөлімі ата-аналарға балаларының әлеуметтік желілерде немен айналысатынын қадағалауды қатаң ескертті.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети