28 қаңтар 2014 13:41

Оқушының маңдайына "екілік" деп жазған мұғалім сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қымбат Әсімжанова. ©h24.kz Қымбат Әсімжанова. ©h24.kz

Солтүстік Қазақстан облысында оқушының кекілін қиып, маңдайына "екілік" деп жазып берген мұғалім сотталды деп хабарлайды 24.kz. "Сот Қымбат Әсімжановаға ҚР Қылмыстық кодекстің 137-бабы бойынша 1 жыл 6 ай бостандығын шектеу және педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан екі жылға айыру жазасы тағайындалды. Әсімжановаға жаза тағайындаған кезде сот оның аяғының ауырлығын, оң мінездемесін ескерді. Сондай-ақ одан моральдық шығын ретінде 60 мың теңге өндірілді", - дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы Динара Төлеңгітова. Еске салайық, бұл оқиға облыстың Жамбыл ауданындағы Бауман мектебінде өткен жылдың қыркүйегінде болды. Тергеу мәліметіне қарағанда, сабақ кезінде математика пәнінің мұғалімі Қымбат Әсімжанова 7-сыныптың үш оқушысының кекілін қиып, маңдайына пәннен алған бағаларын жазып берген. "Қымбат Қайырбекқызы менің кекілімді кесіп, көк сиямен үлкен әріптермен "екілік" деп жазды. Бізді отырғызды, біз ұялдық, өкпелеп қалдық. Бүкіл сынып бізге күлді, Қымбат Қайырбекқызы да күлді", - деп әңгімелеген еді жәбірленуші Олжас Тілеген. Ата-аналардың шағымынан кейін оқушыларға ерекше жаза қолданған мұғалімге "Азаптау" бабы бойынша айып тағылды. Прокурорлар оған бостандығын бес жылға шектеу жазасын қолдануды ұсынды, жәбірленушінің туыстары болса, келтірілген моральдық шығын үшін миллион теңге талап етті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети