23 сәуір 2015 09:54

Оқырман Қазақстан әнұранын өзгертуді талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Уральская неделя" басылымының оқырманы Мақсұт Жұмағалиев Қазақстанның қазіргі әнұранының бір тармағын ауыстыруды талап етті.


"Уральская неделя" басылымының оқырманы Мақсұт Жұмағалиев Қазақстанның қазіргі әнұранының бір тармағын ауыстыруды талап етті.

"Сонда мәтінде "Туған жерім менің - Қазақстаным" деген тармақ бар. Мен, мәселен, Ресейде дүниеге келдім, бірақ 1992 жылы Қазақстанға көшіп келдім. Мен Қазақстанды туған жерім деп білем, бірақ әнұран бойынша, Қазақстан мен үшін туған жер бола алмағаны ма, мен Қазақстаннан сырт жерде дүниеге келдім ғой", - дейді ол.

Жұмағалиевтің айтуынша, ол ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне бірнеше хат жолдаған. "Еліміздің азаматтарының тең жартысы басқа елде туған, сондықтан әнұран мәтінінде абай болу керек", - деді хат авторы.

Ведомство өкілдері азаматтық позициясы үшін ер адамға алғыс айтыпты, бірақ сөздерді өзгертуден бас тартты, олар әнұранның сараптамадан өткенін, оны "елдің жоғарғы заңнамалық органдары" мақұлдағанын мәлімдеді. 

"Менің Қазақстаным" әнін 1956 жылы Шәмші Қалдаяқов жазды, ән 2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстанның әнұранына айналды. Оған мемлекеттік әнұран мәртебесі берілуі үшін мәтінге өзгерістер енгізілген еді. Өзгеріс енгізгендердің қатарында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та бар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети