16 қазан 2020 13:42

"Ол бұрынғы басшылар сияқты елден қашқан жоқ". Жээнбеков экс-президенттің айрықша құқықтарына ие болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның бұрынғы президенті Сооронбай Жээнбеков елде қалады, - деп хабарлайды 24.kg.


Қырғызстанның бұрынғы президенті Сооронбай Жээнбеков елде қалады, - деп хабарлайды 24.kg.

Бұл туралы журналистерге парламент спикері Қанат Исаев хабарлады.

"Ол экс-президенттің барлық айрықша құқықтарын сақтап қалады", - деді ол.

Қанат Исаевтың айтуынша, парламент алдағы күндері тиісті заң жобаларын қабылдауға күш салады.

"Президент Сооронбай Жээнбеков бұрынғы президенттер сияқты елден қашқан жоқ. Ол ел үшін қиын уақытта саяси дағдарысты реттеуге бар күшін салып, дана шешім қабылдай алды. Сооронбай Жээнбековке Қырғызстанның экс-президентінің барлық артықшылығы берілуі тиіс деп санаймын", - деп мәлімдеді Исаев ел парламентінің отырысында.

Еске салайық, Жээнбеков 15 қазанда отставкаға кететінін мәлімдеді. Қырғызстан конституциясына сәйкес президент өз өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда билік Жогорку Кенештің төрағасына (спикерге) өтеді. Қазір парламент спикері Қанатбек Исаев.

15 қазанда жақтастарының алдында сөз сөйлеген Қырғызстан премьер-министрі Садыр Жапаров ел спикері Қанат Исаевтың президент міндетін атқарудан бас тартқанын және барлық өкілет Министрлер кабинетінің басшысына ауысқанын мәлімдеген болатын.

Бішкекте төтенше жағдай режимі алып тасталды

Сондай-ақ, Қырғызстанда жаңа президент сайлауы 2021 жылы 17 қаңтарға өтуі мүмкін.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети