Ол үйінде де қайтыс болуы мүмкін еді - Мәжіліс депутаты ХҚКО-да көз жұмған ер адам жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ол үйінде де қайтыс болуы мүмкін еді - Мәжіліс депутаты ХҚКО-да көз жұмған ер адам жайлы

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов ХҚКО-дағы өлім жағдайларын азаматтарды уақытша тіркеу нормасымен байланыстырмау керек дейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов ХҚКО-дағы өлім жағдайларын азаматтарды уақытша тіркеу нормасымен байланыстырмау керек дейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Халыққа қызмет көрсету орталығындағы өлім жағдайы Қазақстандағы уақытша тіркеуге байланысты деп ойлайсыздар ма?", - деді Жамалов тілшілердің ХҚКО-да болған төтенше жағдай туралы сұрағына жауап бере отырып.

БАҚ өкілдері қайтыс болған адамның тіркелу үшін кезекте тұрып, өзін жайсыз сезінгені жайлы айтқан еді. Бұған депутат "Сұрақтарыңыз дұрыс емес сияқты және себеп-салдарын қате келтіріп отырсыздар. Адам өлді, ол осындай денсаулық жағдайымен үйінде де өлуі мүмкін еді ғой, мен білмеймін, дәрігер емеспін. Бұл сұрақты дәрігерлерге қойыңыздар", - деп жауап берді.

Осыдан кейін тілшілер депутатқа "Өлім жағдайына кінәлімін деп есептемейсіз бе?" деген сұрақ қойды.

"Мен былай айтайын, кінәлімін деп есептемеймін, себебі біз көп заң қабылдаймыз және бұл заңды қолданысқа енгізу қажетті шара, осылай деймін", - деді ол.

Еске салайық, бүгін, 16 қаңтарда Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында 1964 жылғы Кунтаков Жарас Нуркибайұлы қайтыс болды. Ол орталыққа тұрғылықты жері бойынша тіркелу үшін келген. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өкілдері оқиға кезінде "ХҚКО-да адам саны көп болмаған" дейді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети