ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов ХҚКО-дағы өлім жағдайларын азаматтарды уақытша тіркеу нормасымен байланыстырмау керек дейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов ХҚКО-дағы өлім жағдайларын азаматтарды уақытша тіркеу нормасымен байланыстырмау керек дейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Халыққа қызмет көрсету орталығындағы өлім жағдайы Қазақстандағы уақытша тіркеуге байланысты деп ойлайсыздар ма?", - деді Жамалов тілшілердің ХҚКО-да болған төтенше жағдай туралы сұрағына жауап бере отырып.
БАҚ өкілдері қайтыс болған адамның тіркелу үшін кезекте тұрып, өзін жайсыз сезінгені жайлы айтқан еді. Бұған депутат "Сұрақтарыңыз дұрыс емес сияқты және себеп-салдарын қате келтіріп отырсыздар. Адам өлді, ол осындай денсаулық жағдайымен үйінде де өлуі мүмкін еді ғой, мен білмеймін, дәрігер емеспін. Бұл сұрақты дәрігерлерге қойыңыздар", - деп жауап берді.
Осыдан кейін тілшілер депутатқа "Өлім жағдайына кінәлімін деп есептемейсіз бе?" деген сұрақ қойды.
"Мен былай айтайын, кінәлімін деп есептемеймін, себебі біз көп заң қабылдаймыз және бұл заңды қолданысқа енгізу қажетті шара, осылай деймін", - деді ол.
Еске салайық, бүгін, 16 қаңтарда Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында 1964 жылғы Кунтаков Жарас Нуркибайұлы қайтыс болды. Ол орталыққа тұрғылықты жері бойынша тіркелу үшін келген. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өкілдері оқиға кезінде "ХҚКО-да адам саны көп болмаған" дейді.