Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ольга Рыпаковаға көлік пен 50 мың доллар берілді

30 Тамыз 2016, 13:04
1
Ольга Рыпакова
Ольга Рыпакова

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жерлестерінің атынан Ольга Рыпаковаға Toyota Land Cruiser Prado көлігі мен 50 мың доллар берді. Ал ауыратлет Денис Улановқа екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Өскеменде Конституция күніне орай өтіп жатқан салтанатты іс - шараның барысында Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының қатысушыларына құрмет көрсетілді.

Облыс басшысы Даниал Ахметов жерлестерінің атынан спортшыларды құттықтап, сыйлықтарын табыс етті. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ольга Рыпаковаға Toyota Land Cruiser Prado көлігі мен 50 мың доллар көлемінде сыйақы берілді.

Ал төртінші орынды иеленген ауыратлет Денис Улановқа Өскеменнен екі бөлмелі пәтер берілді. 

Айта кетейік, облыс әкімі Шығыс Қазақстан облысынан барған Олимпиада ойындарының басқа қатысушыларына Евгений Лабутовқа, Ирина Смольниковаға, Элина Михинаға және Екатерина Смирноваға бір жылдық шәкіртақыға сертификат берді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай