30 қараша 2022 14:01

Олигархтар мен ЖЭО: депутат Екібастұздағы мәселеге қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:t.me/KZgovernment Фото:t.me/KZgovernment

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров өңірлердегі магистраль желілердің тозуы мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров өңірлердегі магистраль желілердің тозуы мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы депутат Мәжіліс кулуарында айтты.

"Бұл еліміз үшін жаһандық мәселе. Бұл желілердің басым бөлігі жекеменшік. Негізінен, олигархиялық топ өкілдерінде. Сондықтан, олигархиялық топтар бүгінде тұрғындардың да, негізгі желілердің де тағдырына үлкен жауапкершілікпен қарап, біраз әрекет етуі керек деп есептейміз", - деп жауап берді ол.

Сондай-ақ, депутат бірқатар проблемалық энергетикалық нысандарды мемлекет меншігіне беру туралы Үкіметтің бастамасына да тоқталды.

"Егер кейбір топтар осы стратегиялық нысандарды мемлекетке қайтару туралы шешім қабылдаса, онда мемлекетке келтірілген шығынды өтеуі керек. Қарап шығу өте оңай, аудит жүргізілуі керек. Олар бұл кәсіпорынды алған кезде, тозу дәрежесі қандай болды, қазір қандай? Олар мемлекетке айырмашылықты төлеуі керек. Олар халыққа моральдық шығын өтеуі керек. Бүгінде Екібастұзда халық қиналып жатыр, моральдық шығынды осы олигархтар өтеуі керек", - деді ол.

Сонымен қатар, Саиров жекеменшіктегі ЖЭО басшылығын сынға алды. Депутаттың айтуынша, тек Екібастұзда ғана магистраль желілердің тозу дәрежесі 91 пайыз болып отыр. Саиров энергетика кәсіпорындарына толық техникалық аудит жүргізу, сондай-ақ жылу энергиясы орталықтарының техникалық жағдайы үшін компания акционерлерінің заңды жауапкершілігін қарастыру қажеттігін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети