OLIMP KZ букмекерлік кеңсесінің экс-бухгалтері Черногориядан экстрадицияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

OLIMP KZ букмекерлік кеңсесінің экс-бухгалтері Черногориядан экстрадицияланды Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

OLIMP KZ букмекерлік кеңсесінің экс-бухгалтері Черногориядан Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

OLIMP KZ букмекерлік кеңсесінің экс-бухгалтері Черногориядан Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Бас прокуратура мен Қазақстанның қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Черногориядан Қазақстан Республикасының азаматы Елена Антонцеваны экстрадициялады.

Антонцева "ОLIMP KZ" букмекерлік кеңсесі" ЖШС бухгалтері болғанда ұйымдасқан топ құрамында ойын бизнесі саласында заңсыз қызметті жүзеге асырып, мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірді күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.

"Қазіргі уақытта Елена Антонцева Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды", - деді прокуратура өкілдері. 

Еске салайық, бүгін OLIMPKZ букмекерлік кеңсесінен 3,6 миллиард теңге тәркіленгені белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети